|
24.05.2022 | 14:39
471

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова қызылордалық белсенді әйелдермен кездесті

Басқосуда референдумның мән-мағынасы талқыланды

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова қызылордалық белсенді әйелдермен кездесті Ашық дереккөз

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова қызылордалық белсенді әйелдермен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kyzylorda-news.kz.

Онда еліміздің Конституциялық заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар және ел көлемінде өткізілгелі отырған референдумның мән-мағынасы талқыланды. Басқосу кезінде жалпыхалықтық референдумның маңызына тоқталған Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова әйелдер қауымына дауыс берудің ережелері мен шарттарын түсіндірді.

Қатысушылардың сұрағына нақты жауап берген Ақмарал Әлназарова әр баптың өзгерісіне жеке-жеке тоқталды. Атап айтқанда суперпрезиденттік басқару формасынан түпкілікті бас тарту, Президент туыстарының квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік қызметте басшылыққа тағайындалмайтындығы жөніндегі өзгертулерге кеңінен түсініктеме берді. Жер және жер қойнауы – халықтың меншігі, «Өлім жазасына» тыйым салу, Президент және судьялар, сайлау комиссиясының өкілдері ешқандай партияның мүшелігінде болмауы тиіс екенін айтты.

Кездесу барысында әйелдер қауымы депутатпен бірге өңірді дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылап, референдумға қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир