Референдумға қатысу әр қазақстандықтың азаматтық борышы! Елдегі саяси ахуалға жастар да атсалысуы қажет. Осыны мақсат еткен жиын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жалпыхалықтық дауыс берудің не екені, оған қатысудың маңыздылығы айтылған кездесуді қоғам белсенділері ұйымдастырған.
«Студенттер өте белсенді. Референдум туралы біраз мағлұмат біледі.33 бап бойынша мәселелерді қозғадық. Жастар өздерінің саяси тұрғыда білімді екенін, жан-жақты мәліметтен хабардар екенін көрсетті», – деді жас ғалым Руслан Нұрлыбаев.
«Қаншама жылдан кейін заң күшінде жалпыхалықтық референдум ретінде ұсынылып жатыр. Референдумге бару ар азаматтың азаматтық борышы. Ал қолдау, қолдамау осы бюллетенде көрсетілген. Ал бару әрбір азаматтың борышы екенін айтқым келеді», – деді қоғам белсендісі Ерқанат Көпжасар.