Тәуелсіздігіміздің тұрақтылығы мен жарқын болашағымыздың кепілі – болаттай бекітілген Ата заң. Еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері референдум туралы осылай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аға буын өкілі Конституциямызға бірқатар өзгеріс енгізу арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, ұлттық құндылықты дәріптеуге мүмкіндік туады дегенді алға тартты.
«Шынын айту керек, әлі күнге дейін мемлекеттік тіл – қазақ тілі дегенімен, іс қағаздар екі тілде жүріп келді. Кей жерде іс қағаздар таза орыс тілінде жүргізіледі. Егер біз мемлекет болсақ, тілді дәріптеп, қорғай алмасақ, онда мемлекеттік құндылығымыздан дым да қалмайды. Ал өзгерістер енгізуге мен толығымен қосыламын. Толығымен құптаймын», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимов.