Қоғамдық қолдау штаб мүшелері студенттермен кездесті

Almaty.tv
Almaty.tv
Басқосу Қазақ спорт және туризм академиясында өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жалпыхалықтық референдумның өтуіне 6 күн қалды. Осыған орай Алматының мәслихат депутаттары мен қоғамдық қолдау штаб мүшелері Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мән-маңызына тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Басқосу Қазақ спорт және туризм академиясында өтті. Оқытушылар мен студенттер өздерінің ұсыныс-пікірін жеткізіп,  толғандырған сұрағын қойды.

«Бүгін студенттермен кездесу өткіздік. Болашақта қандай өзгеріс болады, талқыладық. Осы референдум жастарға не береді? Қандай өзгеріс болады? Осындай сұрақтар студенттерді толғандырады», – деді қалалық мәслихат депутаты Әсия Ақанова.

«Жаңа Қазақстанның  негізгі құраушысы, осы – жастар.Жаңа Қазақстанда өмір сүретін де жастар. Сондықтан да референдумдағы өзгерістер болашағымызға ықпал ететінін түсіндіргіміз келді», – деді Қазақстан волонтерлер лигасының төрағасы Нұрсұлтан Бекқайыров.


Новости партнеров