Алатау ауданының жастары референдумға қатысады

Алатау ауданының жастары референдумға қатысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Конституциялық реформаны қолдау үшін дауыс беру – бұл үлкен жауапкершілік және біз бәріміз осы процеске қатысуға тиіспіз. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Amanat партиясы фракциясының мүшесі Бекқали Торғаев Алатау ауданының жастарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу барысында ол алдағы 5 маусымда еліміздің Ата заңына түзетулерді түсіндірді.

«Бұл жерде сіз адам немесе партия үшін дауыс бермейсіз, өз болашағыңыз үшін Жаңа Қазақстанды құруға дауыс бересіз. Біз барлығымыз референдумға үлкен үміт артамыз. Еліміздің болашағы – жастар», – деді Торғаев.

Мәжілісменнің сөзін қалалық штаб мүшелері Нұрия Ниязова мен Руслан Нұрлыбаев қолдады.

«Қазіргі жастар – бұл креативті идеялары мен болашаққа үлкен жоспары бар, нені қалайтынын білетін жас ұрпақ. Олардың алдағы референдумның маңыздылығын түсінетіндері қуантады. Бұл олардың елдегі қоғамдық-саяси жағдайға деген жауапкершілігін көрсетеді», деді Amanat партиясы қалалық штабының мүшесі Руслан Нұрлыбаев.

Новости партнеров