Референдумға келген қазақстандықтар креативті образдарымен көпшілікті таңғалдырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы референдум учаскелерінің біріне пингвин костюмын киген ер адам келіп, тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Ал Астанада ақ халат киіп, робот ит жетектеген бойжеткен ел үшін маңызды күні таңдауын жасады. Осылайша, қазақстандықтар креативті образдарымен көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматыдағы дауыс беру орындарында көңіл-күй көтеріңкі. Ертегі кейіпкерлері мен жан-жануар образындағы азаматтар референдум учаскелерін аралады. Әуезов ауданында келушілерді қыран құстай киінген ер адам қарсы алса, Алмалы ауданында пингвин кейпіндегі жан тұрғындарға ерекше сезім сыйлады.

«Пингвин кірген кезде реакция өте жақсы болды. Көңілімізді көтерді. Бірінші көргенде бәрі отырған бақылаушыларымыз да, комиссия мүшелері де таңғалдық. Келген сайлаушылар да оларменен суретке түсіп, өте жақсы көңіл-күй сыйлады», – деді № 111 референдум учаскесінің төрағасы Жұматай Ысқақова.

Астанада бойжеткен ерекше образымен көзге түсті. Ол басына орамал тағып, ақ халат киген. Қасында робот иті бар. Көпшілік кратив иесімен суретке түсіп, әлеуметтік желіде бөлісіп жатты. Батыс қазақстандықтар да қапы қалмады. Орал қаласының тұрғыны өзі тіркелген учаскеге «Фиксиктер» мультфильміндегі кейіпкер образында келіп, таңдауын жасады.

«Менің ойымша, осындай аннимационный іс-шаралар азанымен келген азаматтардың ұйқысын ашып, сергітеді. Позитивті әсер етеді деп ойлаймын», – деді қала тұрғыны Ерасыл Орынбасаров.

 Бұдан бөлек, саяси науқанға байланысты қаладағы барлық учаскелерде ерекше әрі заманауи фотоаймақтар ұйымдастырылды. Таңдау жасауға келген жұрт онда суретке түсіп, әлеуметтік желіде бөлісті. Көпшілік керемет әсер алғанын айтады.

Диана Тұрлыбек, Маржан Манапова, Ернат Болатбек

Оқи отырыңыз: Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина Алматыда референдумға қатысты

Новости партнеров