Референдумға дейін:
12
күн
5
сағат
58
минут

Тіркелген мекенжайдан тыс жерде дауыс беруге бола ма

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Орталық референдум комиссиясы тіркелген мекенжайдан  тыс жерге қалай дауыс беруге болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

2026 жылғы 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыты куәландыратын құжатты ұсыну қажет. Комиссия есептен шығару куәлігін табыс етедi.

Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде өкіл арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариаттық куәландыру талап етілмейді.

Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және оның тұпнұсқасы берілмейді.

Бір елдімекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейтініне назар аударыңыз.

Дауыс беру күні өзіңіз болатын жердегі учаскеде есептен шығару куәлігін көрсетіңіз. Учаскелік комиссия дауыс беруге арналған тізімге енгізеді.

Толық ақпарат алу үшін елдімекен әкімдігінің call-орталығына хабарласуға болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда этномәдени бірлестіктер өкілдері референдумды қолдады

Новости партнеров