Референдумға дейін:
21
күн
8
сағат
6
минут

Жаңа Конституция жобасы еңбек адамының құқығын қорғауды жаңа деңгейге көтереді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа Конституция еңбек адамының құқығын қорғауды жаңа деңгейге көтереді. Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы өкілдерінің пікірінше, Ата заң жобасында «еңбекке құқық» ұғымының нақты әрі айқын бекітілуі – елдегі әлеуметтік әділеттілікті нығайтудың маңызды қадамы.

Бұл өзгерістер жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттырып, еңбек қатынастары саласындағы заңнамалық нормалардың тиімді орындалуына негіз болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Еңбек дауларын шешу, жұмысшылардың мүддесін қорғау және әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытындағы істер жаңа құқықтық тетіктер арқылы күшейе түспек.

«Біріншіден, «еңбек құқығы» деген дефиницияға мән беріп жатса, бүкіл мемлекет, жұмыс берушілер жұмыссыздықпен күресу, лайықты еңбекті стандарттарын әр мекемеде де орнату жолын ашады», – деді ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев.

Оқи отырыңыз: Алматыда Жалпыұлттық коалиция мүшелері мәдениет саласының өкілдерімен жаңа Конституция жобасын талқылады

Новости партнеров