|
20.11.2022 | 10:29
584

Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Дауыс беру ашықтығын 43 халықаралық байқаушы бақылайды

Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр Almaty.tv

Алматыда 600 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның 69-ы арнайы орындарда, яғни аурухана, шипажайлар мен әскери мекемелерде құрылған. Сайлау учаскелері бүгінгі саяси науқанға сақадай-сай дайын.

Бүгінде Алматыда 1 миллион 176 мың сайлаушы бар. Саяси науқанның өту тәртібіне әр сайлау учаскесінің төрағасы жауап береді. Дауыс беру ашықтығын 43 халықаралық байқаушы бақылайды.

Қаладағы сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қамтамасыз ету үшін бар жағдай қарастырылған. Келушілер инватакси мен сурдоаудармашылардың көмегіне жүгіне алады. Ал қандай бір себеппен дауыс беруге келе алмайтындарға жылжымалы сайлау жәшіктері дайындалған.

«Дауыс беру жәшігі сайлаушылар келгенге дейін таңғы сағат 6:30-да плобмасы салынады. Оны толығымен бақылаушылар өздері қарап, қадағалап отырады. Бәрі заңды түрде өтеді. Сағат 20:00-де жәшік ашылып, саналып, протоколға тіркеледі», – деді №414 сайлау учаскесінің төрайымы Сәния Ембергенова.

Шаһар тұрғындары белгілі бір жағдаймен сайлау күні Алматыда болмай қалса, онда алдын-ала өзі тіркелген учаскесіне барып, есептен шығу туралы анықтама алуына болады. Сол арқылы ол басқа қаладан немесе шетелден өз таңдауын жасай алады. Бүгін Алматыда 600 дауыс беру учаскесі жұмысын бастады. Оның 69-ы, яғни ауруханалар, шипажайлар мен әскери мекемелерде құрылған учаскелер жабық болып есептеледі.

«Дауыс беру күні сайлау учаскесінде комиссия, байқаушылар, сенім білдірілген адамдар және БАҚ өкілдері болады. Әрқайсысында аккредиттеу нормасы бар. Сайлаушылар дауыс беру үшін қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт сайлау учаскесі ғимаратында болады»,– деді Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова.

Сондай-ақ, қалада мүлде тіркелмегендер де сайлауда дауыс бере алады. Мұндай азаматтар үшін 55 учаске жұмыс істеп тұр. Осылайша, тұрақты немесе уақытша мекен-жайы жоқ адамдар да бір күндік тіркеуге алынып, саяси науқанға қатысуға мүмкіндік алады.

Ұлағат Арғын, Медет Саматұлы, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир