|
20.11.2022 | 11:25
2645

Әлемді шарлаған байкер Дмитрий Петрухин сайлау учаскесіне мотоциклмен келді

Байкердің айтуынша, азаматтық борышын өтеу үшін оған жаңбыр мен батпақ кедергі емес

Әлемді шарлаған байкер Дмитрий Петрухин сайлау учаскесіне мотоциклмен келді РСК

Әлемді шарлаған байкер Дмитрий Петрухин Алматыдағы №469 сайлау учаскесіне мотоциклмен келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Саяхатшы өзінің "болат атымен" бүкіл әлемді шарлады. Байкердің айтуынша, азаматтық борышын өтеу үшін оған жаңбыр мен батпақ кедергі емес.

"Мен ешқандай сайлауды жіберген жоқпын. Өзім өмір сүріп жатқан мемлекеттің тағдырына мән беремін, сондықтан өзімнің азаматтық ұстанымымды көрсетуді құрмет деп санаймын. Еліміздің туымен 400 мың шақырымнан астам жол жүрдім, әлемнің 170-тен астам елінде болдым. Қазақстан әлемдік аренада жақсы беделге ие,біздің мемлекетімізді жас әрі болашаққа қарқынды дамитын ретінде біледі. Сондықтан бізге Қазақстан деп аталатын кемемізді ұзақ әрі жарық болашаққа апаратын мықты капитанды таңдау өте маңызды", - деп пікірімен бөлісті Дмитрий Петрухин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир