|
20.11.2022 | 12:42
389

Кандидат Мейрам Қажыкен сайлауда дауыс берді

Ол дауыс беруге жұбайымен және қызымен бірге келді

Кандидат Мейрам Қажыкен сайлауда дауыс берді azattyq-ruhy.kz

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Канидат өз таңдауын жасау үшін Астанадағы №66 мектеп-лицейде орналасқан №113 сайлау учаскесіне сағат 11.04-те келді.

Ол дауыс беруге жұбайымен және қызымен бірге келді.

Мейрам Қажыкеннің кандидатурасын «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі ұсынған болатын.

Үміткер бастаған топ Қостанай, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте сайлаушылармен кездесулер өткізген болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир