|
20.11.2022 | 17:14
1782

Алматыда 102 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері дауыс берді

Ол еліміздің бейбіт өмірі үшін дауыс бергенін айтты

Алматыда 102 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері дауыс берді РСК

Қазыналы қарттар да саяси науқанды қалт жібермеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматының Жетісу ауданындағы №536 сайлау учаскесі комиссиясының мүшелері «Құлагер» ықшамауданының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері 102 жастағы Филип Губановтың үйіне арнайы келді. 

«Мен аштықты да, тоқтықты да көрген адаммын. Сонау сұрапыл соғысқа қатысып, Отан үшін от кештім. Тағдыр маған бейбіт өмірді, бақытты күндерді көруді бұйыртқан екен. Сол бейбіт өмірді сақтай білейік. Мен бүгін еліміздің бейбіт өмірі, бақытты күндері үшін дауыс беріп отырмын! Бұл да үлкен бақыт! Келесі сайлауға аман-есен жетейік!», - деді соғыс ардагері.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир