|
20.11.2022 | 17:56
993

Өнер адамдары да саяси науқанға үлес қосты

Өнер адамдары да саяси науқанға үлес қосты Almaty.tv

Мемлекеттің тұрақтылығы мен тыныштығы үшін саяси науқанға қатысу маңызды. Осылай деген еліміздің Еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боранбай сайлау учаскелерінің саяси науқанға асқан жауапкершілікпен дайындалғанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Керемет атмосфера сезіліп тұр дей келе, танымал актер көпшіліктің көңілді жүргенін баса айтты.

«Бейбітшілік заман, ең бастысы әділетті Қазақстан болуы үшін, мен өз таңдауымды жасадым. Дауыс беру әрбір азаматтың позициясы ғой деп білемін. Бұл біз үшін мереке болуы керек. Өз таңдауымды жасағаныма қуаныштымын», – деді актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боранбай.

Ал актер Дулыға Ақмолда «саяси науқан бұрынғыдан өзгерек» деп баға беріп отыр.

«Бұл ән бұрынғыдан өзгерек дегендей, бұл сайлаудың орны бөлек. Өздеріңіз білетіндей  ҚР Президентін жеті жылға сайлаймыз.  Меніңше елдің белсенділігі өте жақсы. Солай болуы да керек деп ойлаймын», – деді актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сайлау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир