|
22.11.2022 | 18:21
716

Бұл сайлау әділ өтті – Мұрат Жұрынов

Бұл сайлау әділ өтті – Мұрат Жұрынов

Бұл сайлау әділ өтті. Осылай деген ҚР ҰҒА Президенті, академик Мұрат Жұрынов 20 қараша күні өткен сайлау туралы пікір білдірді.

«Бұл сайлау – таза, әділ өткен сайлау. 81 пайыз шынайы дауыс есебі бойынша біз бір ғана шешімге келуіміз керек. Бұл бүкіл бұқара халық қолдаған Президент болды.  Негізгі мақсат – әділ , жаңа Қазақстан құру. Бұл дегеніміз, елімізде жемқорлыққа жол бермеуі керек, жұмыссыздық болмауы керек, Қазақстанның бар байлығы халық игілігіне жұмсалуы тиіс», – деді ҚР ҰҒА Президенті, академик Мұрат Жұрынов.

Еске салайық, Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан Президенті сайлауының ресми қорытындылары жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды. Президенттің ант беру күні 26 қарашаға белгіленді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир