|
20.11.2022 | 18:33
324

Алматыда өнер майталмандары таңдауын жасап, дауыс берді

Алматыда өнер майталмандары таңдауын жасап, дауыс берді Almaty.tv

Еліміздің халық әртісі, композитор Алтынбек Қоразбаев сайлаудың әділ өткеніне сенімді. Ол «Президент алдағы сайланатын 7 жылда толағай тірлік тындырып, бұқараға пайдаса тисе екен» деген игі тілегін де айтты.

«7 жылдық мерзімде жаңа сайланған Президентіміз елімізді көркейтіп, байытып, әділ Қазақстан жолына салып, бүкіл Қазақстанның жағдайын жақсартады деп кәміл сенемін. Еліміз аман болсын! Қазағымыз аман болсын!», – деді ҚР Халық әртісі, композитор Алтынбек Қоразбаев.

Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков те әріптесінің ақжарма тілегіне қосылды. Өнер иесі еліміздің қарыштап дамуына тілектестігін білдірді.

«Мен өзімнің таңдауымды жасадым. Болашақта елімізде ауызбіршілік, ынтымақ, бейбітшілік болсын! Дастарханымыз мол болсын! Қазақ еліміз бай-бай болсын! Ең алдағы мемлекеттердің қасында болсын», – деді Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сайлау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир