|
19.03.2023 | 17:27
1352

Алматыда Ерлан Тілеуімбетов дауыс берді

Ол ел мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс деп санайды

Алматыда Ерлан Тілеуімбетов дауыс берді фото из РСК

Алматыда дауыс берген джиу-джитсудан еңбек сіңірген спорт шебері Ерлан Тілеуімбетов ел мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс деп санайды, деп хабарлайды Almaty.tv.



«Сайлаудың маңызы жоғары. Сондықтан дауыс беруге келдік. Халық қамын ойлайтын депутат таңдалады деген сенімдеміз. Халық сенім артқан депутаттар адал жұмыс істеп, сайлауалды бағдарламасында келтірген мәселелерді шешсе  екен. Мінеки, сол уақытта ғана іс өнеді.

Сайлаушылардың сенімін ақтау маңызды. Депутат тек қана халыққа қызмет жасауы керек. Дәл қазіргі сәтте елдің мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс.

Бүгінде спортшылар да Парламентке үміткер болуда. Олар да мандаттыққа  өтіп, спортты қаржыландыру, бұқаралық спортты дамыту саласына ден қойса екен. Жарыстарға шығу, бапкердің жалақысы, спорт кешендерін салу жағын қолға алу қажет. Бұл тараптан  ізгілікті істер баршылық. Осыны тоқтатпай, спорт саласын дамытса деген тілегіміз бар. Сол мақсатпен осы сайлауға атсалысып, таңдауымызды жасадық», - дейді спорт шебері.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир