Желіде шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан Райымның ата-анасына қымбат жол талғамайтын көлік сыйлағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Press.kz сайтына сілтеме жасап.
Жақында тұрмысқа шыққан, жас келін атанған әнші Ерке Есмахан жары Райымның әкесіне жаңа көлік сыйға тартқанын айтты.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады. Мүмкіндікті пайдаланып, тұрмысқа шыққаннан бастап күйеуі барлық мәселені шешетінін мақтан етті.
«Отбасын құру – бір ғанибет. Бұрын мен өзімді асыраймын деп ақша тауып, қиналып, еңбектенетінмін. Қазір бәрін күйеуім шешеді. Құдайға шүкір! Мен қазір инстаграмға да кірмеймін. Әкемізге жаңа көлік алғанымды мақтан тұтамын», — деп жазды Есмахан.
Еске салайық, Ерке мен Райым 2023 жылдың қаңтарында мұсылмандық той жасаған болатын.