|
21.06.2024 | 09:28
540

Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханаға түсті

Нейрохирург дәрігері терең тексеріс пен талдау жасау керек екенін айтты

Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханаға түсті zhuldyzabdukarimovaofficial

Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханаға жататын болды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған дейін күндізгі стационарда ем қабылдап жүрген өнер иесі еш нәтиже болмағанын айтты.

–  Кеші мені жоғалтып алдыңыздар ма?! Ем жалғасып жатыр. Бір апта күндізгі стационарда болдым. Нәтиже болмады. Ауруханаға жату туралы шешім қабылданды. Себебін анықтау стадиясындамыз. Кешегі МРТ нәтижесі бойынша нейрохирург дәрігері тағы да терең тексеріс пен талдау жасау керек екенін айтты. Сол себепті ауруханада жатып емделетін болдым, – деді актриса.

Актриса бас айналуы болмаса, жағдайы бірқалыпты екенін де түсіндірді.

-Қазір аллегрияға қарсы екпе салып, КТ-ға алып кетеді. Ауруханаға жататынымды білген соң үлкен әпкем келді. Балаларымды тастайтын адам болмады. Анам үйде жоқ. Сондықтан сенімді адам керек болды. Ал ол – менің туған бауырым. Аман-есен ауруханадан шыққан соң таныстырамын. Әзірге мендегі жағдай бірқалыпты.

Бірқалыпты деген себебім, ауыр белгілері кеткенімен, бас ауруы, әлсіздік, бас айналуы қоймай тұр. Күндізгі стационардағы ем қонбады. Сондықтан толық зерттеп, ем шаралары мен жолдарын айтады. Енді екі күн бойы тексерілемін. Баршаңызға рақмет. Негізі, ауырып жатқан жоқпын, тек басым айналады, - деді ол.

Оқи отырыңыз: Жаман ауырады екен: Жазира Байырбекова денсаулығы сыр бергенін жазды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир