|
28.11.2021 | 09:29
4744

Ресейдің халық әртісі Александр Градский дүниеден озды

Ол 72 жасында қайтыс болды

Ресейдің халық әртісі Александр Градский дүниеден озды iz.ru

Әнші және композитор, Ресейдің халық әртісі Александр Градский 72 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

27 қарашада Градский инсульт күдігімен ауруханаға түскені белгілі болды. Ақпарат бойынша, музыкант қыркүйекте коронавирус жұқтырып, ауырып шыққанан кейін денсаулығы сыр бере бастаған.

"26 қарашада, жұмада Градский жақындарынан жуынатын бөлмеге жетуге көмектесуін өтінген. Осы сәтте жағдайы нашарлап, музыкант талып қалып, бір сағат есін жия алмаған", делінген хабарламада.

Александр Градский кеңестік және ресейлік әнші, мульти-аспапшы, ақын және композитор. Ол орыс рок стилінің негізін қалаушылардың бірі. Сонымен қатар, әнші бірнеше жыл "Ресей дауысы" музыкалық шоуына тәлімгер ретінде қатысып жүрген. 3 қарашада Градский 72 жасқа толды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир