Әнші Сиви Махмуди әлеуметтік желіге қан-жоса болған суретін жүктеді
дереккөзден
Ол Шымкентте жол апатына түсіп, тағы да мұрнын сындырғанын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Белгілі әнші Сиви Махмуди Шымкентте жол апатына түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қан-жоса болған суретін жүктеді.
“Алдыңғы күні Шымкентте жол апатына түсіп, тағы да мұрнымды сындырдым. Бір жарым ай бұрын ғана мұрныма ота жасатып едім. Қара терге түстім. Жолда абай болыңыздар. Қауіпсіздік белдігін де тақпай, көліктің алдында отырғанмын. Менің қателігім. Сұмдық жағдай болды, бірақ шүкір, өтті-кетті”, – деп жазды Сиви Махмуди.
Әнші өзіне алаңдап жатқан тыңдарманына алғыс білдіріп, жағдайының оңалып қалғанын айтты.
“Алаңдап жатқан жандарға рахмет! Он күндей тағы да гипспен жүруге тура келеді. Қазір жағдайым жақсы. Бәле деген аяқ асты екен”, – дейді ол.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00
Кешкі асты сағат қаншада ішкен дұрыс
11.10.2026 16:59