Отандық танымал композитор Ринат Гайсин еліміздегі төтенше жағдайға байланысты туған жері Атырауға барып, жерлестеріне барынша көмектесуде, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Гайсиннің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Өнер иесі судан қорғайтын бөгеттер жасауға атсалысып жүргенін айтты. Ринат Гайсин елімізде болып жатқан жайттардан кейін, бірден туған өлкесіне көмектесуге аттанған. Белгілі композитор Instagram парақшасында Атыраудан фото мен видер жариялап, бүгінде немен айналысып жатқанын көрсетті.
Өнер иесі қазіргі уақытта жергілікті халықпен бірге Жайық өзенінің бойына қолдан жасалған бөгеттерді орнатып жатыр. Гайсин қапшыққа топырақ толтырып жатқан сәтінен видео жариялаған болатын.
- Жұмысқа қайта кірістік. Отаным бәрінен биік екен. Осылай топырақты саламыз да, дайындап қойған соң оны апарып төсейміз. Бүгін 500 қапшық толтырдық. Жақсы жұмыс істедік, - деді ол.
Оқи отырыңыз: Әзірге 25 млн теңге жиналды: әншілер халықпен бірге (видео)