Танымал продюсер Баян Мақсатқызы "Без мишуры" жобасына сұхбат беріп, онда отбасы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық, әйелдер достығы туралы сыр шерткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі jambylinfo.kz-ке сілтеме жасап.
Сұхбат барысында жоба жүргізушісі Виктория Новичкова Баян Алагөзовадан сенім арта алатын достары туралы сұрап, оның бірінен дәл қазір 5 миллион теңге сұрауын өтінген.
Продюсер көп ойланбай бірден көп жылдан бергі досы Динара Сатжанға хабарласып, 5 миллион теңге сұраған.
Ал Динара Сатжан досының өтінішін жерге тастамай, сол сәтте оның есеп шотына 5 миллион теңгені аудара алатынын айтқан.
Әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатқан видеоға көпшілік жылы сөздерін жазып, "Баян мен Динара әйелдер достығының символы" деп пікір қалдырған.
Оқи отырыңыз: Сол түні қызым құтқарды: Баян ащы шындығымен бөлісті