«Алматы» арнасы «Әр жерде сен» деп аталатын түрік телехикаясын көрермендер назарына ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Әр жерде сен» деп аталатын қызыққа толы түрік сериалы көрермендердің көңілінен шығатыны хақ. Себебі сериалдың басты кейіпкерлері Демир мен Селиннің таныстығы ерекше болады.
Алаяқтар бір үйді екі адамға (Демир мен Селин) сатып, ақшасын алып, тайып тұрады. Бір үйге қожайын болған екеуі де қырсығып, үйді бергісі келмейді. Сөйтіп, мінезі, көзқарасы, арманы бөлек екі адам бір шаңырақ астында тұруға мәжбүр болады. Алайда көп уақыт өтпей, екеуінің араздығы бәсеңдейді. Бір-бірін түсінісе бастаған жастардың жүрегінде нәзік сезім оянады.
Дүйсенбі-жұма күндері сағат 21.40-та экран алдына жайғасып, махаббатқа толы «Әр жерде сен» телехикаясын көріңіздер!