|
11.10.2021 | 19:58
1802

«Алматы» телеарнасынан «Қызыл жебе» телехикаясы көрерменге жол тартты

10 сериядан тұратын кинотуынды Тұрар Рысқұловтың өмірбаяны мен оның Қазақ мемлекетін құруға қосқан үлесі туралы баяндайды

«Алматы» телеарнасынан «Қызыл жебе» телехикаясы көрерменге жол тартты Almaty.tv

«Алматы» телеарнасында тұсаукесер! Шерхан Мұртазаның роман-трилогиясы желісімен түсірілген «Қызыл жебе» телехикаясы көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.       

10 сериядан тұратын кинотуынды қазақ халқының ұлы перзенті Тұрар Рысқұловтың өмірбаяны мен оның қазіргі Қазақ мемлекетін құруға қосқан үлесі туралы баяндайды. Бұл – мемлекет қайраткері өмірінің көрінісі ғана емес, өткен ғасырдың орта шеніндегі бүкіл қазақ зиялыларының бейнесі. Фильмінің режиссері – Жасұлан Пошанов. Басты рөлдерді танымал актерлер Сырым Қашқабаев, Еркебұлан Дайыров және Алдабек Шалбаев сомдайды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен түсірілген фильм «Алматы» телеарнасынан бүгіннен бастап, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 20:40-та көрсетіледі.  

«Біз театрда осыдан біраз жыл бұрын Қанат Жүнісовтың «Сәкен сұңқар» қойылымын қойған болатынбыз.  Ол жерде менің еншіме Сәкеннің рөлі тиген. Сәкеннің де, Тұрардың да ойы бір. Бір ғана өзгешелігі – Сәкен Кеңес үкіметіне шынымен сеніп кетсе, Тұрар Кеңес үкіметін тек қазағымның болашағы үшін, ары қарай өмірі жарқын болуы үшін құрал ретінде ғана пайдаланды. Сондықтан Тұрардың рөлін сомдауға келгенде аса қатты қиналдым деп айта алмаймын», – деді актер Сырым Қашқабаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир