|
21.08.2023 | 03:06
2574

Әйелдер футболы: Испания алғаш рет әлем чемпионы атанды

Биылғы әлем біріншілігі Аустралияда және Жаңа Зеландияда өтті

Әйелдер футболы: Испания алғаш рет әлем чемпионы атанды championat.com

Әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионатының финалында Испания мен Англия құрамалары кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сиднейде өткен матчта испаниялық қыздар 1:0 есебімен жеңіске жетіп, тарихта тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Екінші орында – Англия, үшінші орында – Швеция. Барлық үш жүлде Еуропаға елдеріне бұйырды.

Айта кетейік, Испания мен Англия құрамалары әлем чемпионатының финалында алғаш рет ойнады. Бұған дейін испаниялық қыздардың ең үздік жетістігі 1/8 финал болған. Ал ағылшын қыздары 2015 жылы әлем чемпионатының қола медаліне қол жеткізген еді.

Биылғы әлем біріншілігі Аустралияда және Жаңа Зеландияда өтті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир