Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті
Olympic.kz
Гүлмарал Ерекебаева жұбаныш финалында жергілікті балуан Ариунжаргал Ганбатты жеңді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржыны қола медальмен толықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Гүлмарал Еркебаева Ұлан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатында 76 келіде қола жүлдені жеңіп алды. Ол жұбаныш финалындағы қарсыласы, жергілікті балуан Ариунжаргал Ганбатты 7:4 есебімен жеңді.
Айта кетері, бұл әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бүгінгі жарыстағы екінші жүлдесі. Бұған дейін 68 келі салмақ дәрежесінде Мадина Бақбергенова топ жарып, Азия чемпионы атанды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51