Месси Пеленің рекордын жаңартты
Tribun Dergi
Л.Месси каталониялық «Барселонаның» намысын қорғай жүріп, қарсыластар қақпасына 644 гол енгізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Испаниялық «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси ұлы футболшы Пеленің рекордын жаңартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Аргентиналық Л.Месси бұл нәтижеге Испания чемпионатының 15-турында «Вальядолид» пен «Барселона» арасында өткен матчта қол жеткізді.
Ойынның 65-минутында 33 жастағы Месси гол соғып, Пеленің бір клуб үшін соққан доп санынан асып түсті. Осылайша Л.Месси каталониялық «Барселонаның» намысын қорғай жүріп, қарсыластар қақпасына 644 гол енгізді.
Ал атақты Пеле бразилиялық «Сантос» клубында 1956-1974 жылдар аралығында доп теуіп, 643 гол соққан болатын.
Сырт алаңда «Вальядолидті» 3:0 есебімен ұтқан «Барселона» 24 ұпаймен турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34