|
02.02.2022 | 09:14
556

Бүгін Ақ Олимпиаданың алғашқы іріктеу сындары басталады

Олимпиада ойндарының ресми ашылу рәсімі 4 ақпанға жоспарланған

Бүгін Ақ Олимпиаданың алғашқы іріктеу сындары басталады ашық дереккөз

Бүгін Бейжіңде Ақ Олимпиаданың алғашқы іріктеу сындары басталады, деп хабарлайды Almaty.tv

Олимпиада ойндарының ресми ашылу рәсімі 4 ақпанға жоспарланған. Алайда, бүгін керлинг, шайбалы хоккей фристайл, сынды спорт түрінен алғашқы іріктеу жарыстары басталады. 

Ал 3 ақпан күні қазақстандық фристайлшылар жарыс алаңына шығады. 

Естеріңізге сала кетсек, фристайл-могулдан Олимпиадаға Қазақстаннан Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков жолдама жеңіп алған болатын. 

Сондай-ақ XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды. Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады. 

Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің байрағын биыл алғаш рет бір емес, екі спортшы алып шығады. Оның бірі - шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абзал Әжіғалиев болса, екіншісі - конькиші Екатерина Айдова. Екі спортшымыз да - құрамадағы тәжірибелі, жүлдеге таласуға мүмкіндігі жоғары спортшылар.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир