|
29.06.2021 | 09:23
7256

EURO-2020: Франция турнирмен қоштасты, Испания ширек финалға жолдама алды

Дүбірлі доданың 1/8 финалындағы бесінші кездесуде Хорватия мен Испания жасыл алаңға шықты

EURO-2020: Франция турнирмен қоштасты, Испания ширек финалға жолдама алды ikon.mn

Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алған бесінші құрама анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дүбірлі доданың 1/8 финалындағы алтыншы кездесуде Франция мен Швейцария жасыл алаңға шықты. Екі құрама бұған дейін 40 мәрте кездесті. Оның 18-де Франция басым түсіп, 18-де Португалияның мерейі үстем болды, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

кездесудің 15-минутында олардың қатарында Харис Сеферович баспен қақпа торын тулатып, өзінің құрамасын алға шығарды. Ал 53-минутта француз қақпашысы Уго Льюрис пенальтиді қайтарды. Одан кейін франциялық шабуылшы Карим Бензема 57, 59-минуттарда қос голдың авторы атанды. Осылайша Франция алға шықты. Аталған құрама сапынан Поль Погбаның 75-минутта алыстан тепкен добы қақпа торында тулап жатты. Швейцариялық футболшылар намысқа тырысып, одан кейін екі гол соқты. Оны Харис Сеферович 81, Марио Гавранович 90-минутта өзінің еншісіне жазды. 

Негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда да жеңімпаз анықталған жоқ. Пенальти тебуде Швейцарияның жолы болды. Енді Швейцария ширек финалда 2 шілдеде Испаниямен шеберлік байқасады.

Дүбірлі доданың 1/8 финалындағы бесінші кездесуде Хорватия мен Испания жасыл алаңға шықты. Екі құрама бұған дейін 8 мәрте кездесті. Оның 4-де Бельгия басым түсіп, 3-де Португалияның мерейі үстем болды, қалғанында тең нәтиже тіркелді. Бүгінгі ойында қос құрама да жеңіске жетуге бар күш салды. Десе де алғашқы сәттерде испандар жинақы қимыл көрсетті. Ойынның 20-минутта испаниялық Педри автогол авторы атанды. Одан кейін Испания құрамасынан Пабло Сарабия 38, Сесар Аспиликуэта 57, Ферран Торрес 76-минуттарда есепті үстемелей түсті. Ал Хорватия құрамасынан Ислав Оршич 85, Марио Пашалич 92-минутта гол соғып, таразы басын теңестірді. 

Осылайша негізгі кезеңде 3:3 есебі тіркеліп, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда испаниялық Альваро Мората 100, Микель Оярсабаль 103-минуттарда қос гол соғып кетті. Аталған кездесуде Испания қарсыласынан 5:3 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Енді олар 2 шілдеде Франция мен Швейцария жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир