TGB Promotions промоутерлік компаниясы мен Premier Boxing Champions телефраншизасы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы туралы түсінік берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Спортшы екінші орта салмақтағы WBA Regular әлем чемпионы титулы үшін айқаста кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілгеннен кейін жасанды комада жатыр.
Жекпе-жек 12-раундта мерзімінен бұрын аяқталды, төреші Тони Уикс жекпе-жекті тоқтатып, Моррельдің жеңісін нокаутпен санады.
Бұған дейін Айдос нокдаунға түскен болатын.
«TGB Promotions және PBC өкілдері Айдостың командасымен бірге Миннеаполисте. Біз жағдайды жіті бақылап отырмыз. Боксшының жеке өміріне және отбасына құрметпен қараймыз, сондықтан қосымша ақпаратты бөлісе алмаймыз, бірақ бокс қауымдастығын дұғада болуға шақырамыз», - делінген Fight Freaks Unite мәлімдемесінде.
Еске салайық, кеше қазақстандық боксшы Айдос Ермосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Давид Моррель (7-0, 6 КО) арасында WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткен болатын.
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Айдос Ермосынұлы жас кубалық Давид Моррельге қарсы титулдық жекпе-жекте жеңілгенін мойындауға мәжбүр болды.
Айдос Ербосынұлы кәсіби рингте бірінші рет нокаутпен жеңілді.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!