|
29.10.2021 | 15:20
5708

Қазақстандық боксшы әлем чемпионын нокдаунға түсірді

Қарсыласы биыл жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, үздік боксшы атанған

Қазақстандық боксшы әлем чемпионын нокдаунға түсірді kfb.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Боксшы Сербияда өтіп жатқан әлем біріншілігінің 1/16 финалында «Машина» лақап атымен танымал венесуэлалық Кристиан Паласиомен кездесіп, 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша, отандасымыз алғашқылардың бірі болып ширек финалға жолдама алды.  

«Бапкерлердің берген бағыт-бағдарының арқасында бүгін жеңіске жеттім. Бұл тек қана басы деп үміттенемін. Алдымызда қаншама жекпе-жек бар», – деді бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов.

Ал 57 келі салмақта өнер көрсететін Серік Теміржанов та екінші кездесуін сәтті өткізді. Ол жастар арасындағы әлем чемпионы жапониялық Рейто Цуцумимен жұдырықтасып, мықтылығын дәлелдеді. Қарсыласына соңына дейін басымдықты бермеген боксшымыз төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен сенімді түрде жеңіс жетті.                                                                                                                            

«Қарсыласым үздік боксшы болған екен. Соның жекпе-жектерін қарадық. Қандай тактика қолданатынымызды бапкерлерімізбен ақылдастық. Аллаға шүкір, ұттық», – деді бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Серік Теміржанов.


Айта кетcек, Сербия астанасына 13 боксшымыз аттанды.

Олар: 

Теміртас Жүсіпов (48 келі);

Сәкен Бибосынов (51 келі);

Махмұд Сабырхан (54 келі);

Серік Теміржанов (57 келі);

Саматәлі Төлтаев (60 келі);

Санатәлі Төлтаев (63,5 келі);

Абылайхан Жүсіпов (67 келі);

Асланбек Шымбергенов (71 келі);

Нұрқанат Райыс (75 келі);

Нұрбек Оралбай (80 келі);

Бек Нұрмағанбет (86 келі);

Айбек Оралбай (92 келі)

Нұрлан Сапарбай (+92 келі).

Әлем чемпионатының сыйақы қоры 2,6 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Алтыннан алқа таққандар 100 000 долларға ие болады. Күміс медаль үшін 50 000, ал қолаға 25 000 доллар беріледі. Чемпионат 24 қазан мен 6 қараша аралығында өтеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир