Қазақстандық Бейбіт Жұқаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан теннис федерациясы хабарлағандай, әлемнің 247-ракеткасы Жұқаев финалда дүниежүзілік рейтингте 376-орында тұрған америкалық, 20 жастағы Эйдан Мейомен бас жүлдені сарапқа салды.
«Бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай білді – 6:3. Екінші сетте Бейбіт тағы бір брейк жасап, алға кетті – 4:2. Допты қатты беретін Б. Бейбіт ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4», - делінген федерация хабарламасында.
Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Жұқаев 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Осы жеңісінің арқасында Бейбіт үздік 200 теннисшінің қатарына еніп, Қазақстанның Александр Бубликтен кейінгі екінші ракеткасы атанады.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!