Қазақстандық қыз UFC-мен келісімшартқа қол қойды,
деп хабарлайды Almaty.tv.
22 жастағы Мария Агапова UFC-мен келісімшартқа қол
қойғаны туралы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. Отандасымыздың рекорды – 8 жеңіс, оның ішінде
алтауын мерзімінен бұрын аяқтаған. Және 1 жеңілісі бар. Ол UFC қатарына былтырғы
тамыз айында-ақ өтуі тиіс еді. Алайда америкалық Трэйси Кортестен ұтылып, келісімшарттан
құр қалған болатын. Осы жеңілістен кейін Мария Invicta FC промоушны аясында екі
мәрте айқасқа шықты. Қыркүйек пен қазандағы жекпе-жекте ол қарсыластары америкалық
Алекса Коннерс пен бразилиялық Марилия Сантосты бірінші раундта уақытынан бұрын
жеңгенінің арқасында UFC Агаповаға қайтадан назар
аударды.
A post shared by Maria Agapova (@mma.mashka) onFeb 26, 2020 at 10:38am PST
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін