|
05.03.2019 | 10:53
3950

Астанада хоккейден 2019 жылғы Әлем чемпионатының билеттері сатыла бастады

Билеттер онлайн-сатылым сервисінде қолжетімді болады

Астанада хоккейден 2019 жылғы Әлем чемпионатының билеттері сатыла бастады  МИА «Казинформ»

Бүгін шайбалы хоккей бойынша 2019 жылғы Әлем чемпионатының матчтарына арналған билеттердің онлайн-сатылымы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Билеттер онлайн-сатылым сервисінде қолжетімді болады. Билетке қол жеткізу үшін жанкүйер барғысы келетін матчты, содан кейін секторы мен қатары, орынын таңдап алуы керек. 2019 жылғы Әлем чемпионатының ұйымдастырушы комитеті билеттің бағасы Құрлықтық хоккей лигасындағы «Барыс» матчінің бағасынан артық болмайтынын хабарлайды.

«Сәуір айынан бастап Астанада билеттерді ҚХЛ матчтарының билеттері сатылатын орындардан, «Барыс Арена» кассасынан сатып алуға болады. Билеттің бағасы «Барыстың» әдеттегі матчтарынан қымбат болмайды. Яғни, Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін матчтардағы билет бағасы 700 теңге болмақ. Ал қалған командалардың ойындарына билет бағасы 4 мың теңге. 7 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін. Мүмкіндігі шектеулі жандар да тегін кіре алады. Тек алдын ала 2019wmia@icehockey.kz поштасына өтінім жіберу керек», - дейді 2019 жылғы әлем чемпионатының ұйымдастырушы комитетінің өкілі, Қазақстан хоккей федерациясының бас хатшысы Глеб Каратаев.

Шайбалы хоккей бойынша Әлем чемпионаты Астанада 2019 жылдың 29 сәуірі мен 5 мамыры аралығында өтеді. Әлемдік хоккей додасында Беларусь, Мажарстан, Словения, Оңтүстік Корея, Литва және Қазақстан құрамалары өзара бақ сынасады. Ойындардың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған қос құрама жоғарғы дивизионға жолдама алып, Швейцарияда 2020 жылы өтетін Әлем чемпионатына аттанады.

Біздің ел тұңғыш рет хоккейден Әлем чемпионатын өткізгелі отыр. Жарысты өткізу құқығын Қазақстан өткен жылы Халықаралық хоккей федерациялары конгресінде (IIHF) алған болатын. Барлық федерациялар бірауыздан Қазақстанның өтінімін мақұлдаған еді. 2019 жылғы Әлем чемпионатының матчтары 12 мың көрермен сиятын «Барыс Аренада» өтеді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир