Бақыт Ахметов ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Ауыр атлетика федерациясынының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұндай шешім Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы басшылығының ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына қатысты атлеттер мен жаттықтырушылардан түскен шағымдарды қарау қорытындысы бойынша қабылданған.
"Федерация ҚР Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, алдағы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты кезінде ұлттық құрама командасының жаттықтырушылар штабына үміткерлерді іріктеуді осы мақсаттар үшін әзірленген критерийлер негізінде жүргізуге ниетті" делінген хабарламада.