Алматының ЖҚАЖ қызметкері қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионы атанды

YouTube
YouTube
Ол 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үздік болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының ЖҚАЖ жауынгері қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күштік құрылымдар арасында қоян-қолтық ұрыстан Қорғаныс министрінің кубогында полиция қызметкері Саида Хасенова бірінші орынды жеңіп алды. Ол 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үздік атанды.

"Жарысқа 17 команда қатысты. Өз басым 3 жекпе-жек өткіздім. Олар қиын болды. Бірақ мен басынан-ақ жеңіске жетуді мақсат еттім, жақсы дайындықтан өттім. Нәтижесінде Алматыға алтын медальмен оралдым", – деді Алматы қалалық ПД ЖҚАЖ инспекторы Саида Хасенова. 

Хасенова – бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ММА бойынша спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері, Азия чемпионы, Әлем кубогының жүлдегері. 2012 жылғы Лондон олимпиадасының қатысушысы. Ол ЖҚАЖ-да әйелдер взводы құрылғаннан бері қызмет етеді.

Новости партнеров