Қазақстандық қанатты шаңғышы әлемдік сыннан жүлде алды.
Сергей Ткаченко шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Бұл – аталған спорт түріндегі Қазақстанның тырнақалды жеңісі, деп хабарлайды Sputnik.
Бірінші раундтан соң 19 жастағы жерлесіміз 96,5 метрді «ұшып», бірінші орында тұрды. Ал финалдық бәсекеде Сергей 94,5 метрге дейін секіріп, 248,9 ұпаймен үздік үштікті тұйықтады, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитеттің сайты.
Алтын жүлде 252,1 ұпай жинаған норвегиялық Томас Маркенгтің, күміс жүлде германиялық Лука Роттың еншісінде. Финалда неміс спортшысы 97,5 метрге секіргенімен, Маркенгтің алғашқы айналымда жиған ұпайы көмекке келді.
Қазақстан командасының бас бапкері Павел Васильевтің айтуынша, бұл тарихи жеңіске пара-пар жүлде.
«Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет біз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан жүлде алып отырмыз. Әрине, бұл біз үшін үлкен жетістік. Жарысқа Никита Девяткин, Глеб Сафонов, Нұршат Тұрсынжановтар да қатысты. Биыл біз алғаш рет квоталар санын көбейтіп, қатысушы спортшылар санын төртке жеткіздік. Бұрын біздің ел атынан екі спортшыдан артық қатыспайтын. Сондай-ақ, біз алғаш рет командалық турнирде бақ сынаймыз. Әлем бойынша 12 команда ғана қатысатын турнирдің финалына өттік. Бұл да тарихта бірінші рет болып отырған жағдай», — деп атап өтті бас бапкер.
«Қазіргі қуанышымда шек жоқ. Еліміздің байрағын әлемдік сында көтергенім үшін ерекше бақыттымын», — дейді Сергей Ткаченко.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!