Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирдің финалына шықты
olympic.kz
Жарыстың кезекті күнінде 52 келіде Сәкен Бибосынов жартылай финалда қарсыласының шаршы алаңға шықпауы себепті финалға жолдама алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Германияның Кельн қаласында бокстан халықаралық турнирінің финалына шыққан қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың кезекті күнінде 52 келіде Сәкен Бибосынов жартылай финалда қарсыласының шаршы алаңға шықпауы себепті финалға жолдама алды.
Ағайынды Айбек пен Нұрбек жарыстағы жеңісті жолын жалғастырып келе жатыр. Айбек 81 келіде, Нұрбек 91 келіде финалда жұдырықтасады. 57 келіде Оразбек Асылқұлов жартылай финалда кезекті қарсыласын ұтып, финалға шықты.
Сонымен қатар жарыстың кешкі сессиясында құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабай (+91 кг) мен Ертуған Зейнуллинов (63 кг) алтын үшін жекпе-жек өткізеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34