Алматының 120 спортшысы XX жазғы Азия ойындарына қатысады

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматылық спортшылар 30-дан астам спорт түрі мен дисциплинада сынға түседі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындары өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрлықтың басты спорт додасына Азияның 45 елі мен аймағынан спортшылар қатысады. Биылғы ойындар бағдарламасына 41 спорт түрі мен 68 дисциплина бойынша 461 медаль жиынтығы енгізілген.

Қазақстан ұлттық құрамасы Азия ойындарында олимпиадалық спорт түрлерімен қатар, кураш, ушу, джиу-джитсу, киберспорт және Азия ойындарының бағдарламасына кіретін өзге де бағыттарда өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасының сапында Алматы қаласының 120 спортшысы ел намысын қорғайды.

Алматылық спортшылар 30-дан астам спорт түрі мен дисциплинада сынға түседі. Қала өкілдерінің қатарында Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, әлем және Азия чемпиондары мен жүлдегерлері, халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар бар.

Алматы қаласынан Азия ойындарына қатысатын спортшылар:

Бокс: Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Виктория Графеева.

Дзюдо: Ғұсман Қырғызбаев.

Грек-рим күресі: Шамиль Ожаев.

Еркін күрес: Нұрқожа Қайпанов.

Әйелдер күресі: Жәмила Бақбергенова.

Семсерлесу: Ғалым Нұрумов, София Ақтаева, Тимофей Семенов, Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Нұрмұхаммед Жайлыбай, Қайша Жаныбек, София Николайчук, Дарья Самоделкина.

Таеквондо: Темірлан Тілеулес, Рита Бәкішева.

Қазіргі бессайыс: Лев Чувашев, Тихон Варехин, Темірлан Әбдірайымов, Кирилл Стадник.

Жеңіл атлетика: Максим Фроловский, Ясмина Токсанбаева, Кристина Морозова, Эльмира Калимуллина, Полина Иванова, Анна Черкашина.

Спорттық гимнастика: Нариман Құрбанов, Ильяс Азизов, Милад Карими, Эвелина Ежова, Радмила Тарасова.

Ауыр атлетика: Аянат Жұмағали, Арай Нұрлыбекова, Екатерина Алякина.

Велоспорт: Әлішер Жұмақан.

Жүзу: Максим Клименко, Федор Диденко, Александр Румынский.

Су добы: Алексей Шмидер, Мурат Шакенов, Руслан Ахметов, Темірлан Балфанбаев, Михаил Рудай, Рустам Укуманов.

Үстел теннисі: Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Миркадирова.

Теннис: Денис Евсеев, Жібек Құламбаева.

Падел: Жақас Қозбақ, Тимур Хабибулин, Альбина Хабибулина.

Классикалық волейбол: Дінмұхаммед Қабдолов, Клим Рюхов, Ирина Кузнецова.

Жағажай волейболы: Абдулмаджид Мохаммад, Дмитрий Яковлев, Кирилл Гурин, Сергей Богату.

ММА: Әйгерім Төреханова.

Скейтбординг: Анна Лю-Си-Гун.

Баскетбол: Даниил Севергин, Никита Федченко, Станислав Сахипов.

Каратэ: Бэлла Самашева.

Нысана көздеу: Ислам Сатпаев, Александра Ле, Константин Малиновский, Арина Малиновская, Валерий Рахимжан, Эльдар Иманкулов, Валерия Попелова.

Стендтік ату: Артем Седельников, Элеонора Ибрагимова.

Ушу-саньда: Бексұлтан Қоскенов, Карим Иминжанов.

Кураш: Біләл Болат, Әділет Ахметғали.

Гольф: Диляра Буламбаева, Исламия Абельди, Ахметжан Тагашев.

Джиу-джитсу: Нұржан Батырбеков, Жібек Құлымбетова, Абдулла Дабыл.

Брейкинг: Амир Закиров.

Көгалдағы хоккей: Этэлия Маилян, Альбина Дымчан, Вера Домашнева, Наталья Гатаулина, Исмира Апсатарова.

Регби: Анна Мельникова, Анжелика Пичугина, Алёна Дробовская, Вероника Степанюга, Татьяна Кручинкина, Балжан Қойшыбаева, Снежана Попович, Ирина Тычинина, Ксения Ким, Онласын Турсунбек, Родион Шипицин, Магомедрасул Магомедов, Никита Иванов, Данил Тур, Роман Щербаков, Арманжан Василов, Никита Ситов, Абдрахман Нажибаев.

Байдарка және каноэ есу: Татьяна Токарницкая.

Спорттық құзға өрмелеу: Дамир Тоқтаров.

Киберспорт: Әлихан Мәдибеков, Асқар Шұқанов, Әлинұр Бақжол, Бекзат Оңғарбек, Ерасыл Серік, Марапат Мақсат, Сұңқар Жұмақан, Ұлан Саламат.

Айти-Нагоядағы Азия ойындары Жапонияда осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Жарыстар 4 қазанға дейін жалғасады.