Қазақстандық спортшы қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогының иегері атанды

inform.kz
inform.kz
Қазақстан құрамасы атынан Ұлттық ұлан Әскери институтының 4-курс курсанты Арапбай Сауран қоян-қолтық ұрыста өнер көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәскеу қаласындағы Ирина Винер-Усманованың гимнастика сарайында 11-13 қараша аралығында қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы өтті. Аталған жарысқа әлемнің 30 елінен 300-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  ҚР Ұлттық ұлан гвардиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс бағдарламасына «жекпе-жек» және «өзін-өзі қорғау» дисциплиналары кірді. 

Бұл турнирге Қазақстан Республикасының спортшылары да қатысты.

Қазақстан құрамасы атынан Ұлттық ұлан Әскери институтының 4-курс курсанты Арапбай Сауран қоян-қолтық ұрыста өнер көрсетті.

Таза әрі қызу күресте жан беріп, жан алысқан сайыста Әскери институт курсанттары Үндістан, Иран, Ресей және Өзбекстан спортшыларын сенімді түрде жеңіп, жоғары спорттық шеберлік көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша 65 келі салмақ дәрежесінде Әскери институттың 4-курс курсанты Арапбай Сауран халықаралық деңгейдегі спорт шебері нормативін орындап, қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогының чемпионы атанды.

Новости партнеров