Әділ Ғалиахметов шорт-тректен әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды
Olympic.kz
Ол аталған қашықтықты 2 минут 18,680 секундта жүгіріп өткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржынына бір медаль түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Ерлер арасында 1500 метрге жарысудан қазақстандық Әділ Ғалиахметов күміс жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 2 минут 18,680 секундта жүгіріп өткен.
Сочи Олимпиадасының чемпионы, ресейлік Семен Елистратов 2 минут 18, 285 секундты көрсетіп, әлем кубогінің жеңімпазы атанды.
Қола медаль алған қытайлық Ан Кай 2 минут 18,864 секундта жүгіріп өткен.
Бұл Әділ Ғалиахметовтің әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі екенін естеріңізге саламыз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
01.10.2026 08:10
Алматыда автотұрақ тарифі өзгереді: жүргізушілер нені білуі керек
30.09.2026 10:58