|
03.03.2020 | 14:38
1750

Боксшылар Олимпиада жолдамасына таласады

Сондай-ақ, коронавирусқа байланысты хоккейден әлемдік чемпионатта өтпейтін болды

Боксшылар Олимпиада жолдамасына таласады sport.bugin.kz

Бүгін Иорданияның Амман қаласында бокстан Токио олимпиадасына жолдамалар сарапқа салынатын жарыстың алауы тұтанды. Олимпиада ойындарына барлығы 63 лицензия үлестіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан құрамасы сапынан Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің іріктеу турниріне ерлерден 8 салмақ, әйелдерден 5 салмақ санатында жалпы 13 боксшы сынға түседі.

Сондай-ақ, коронавирусқа байланысты хоккейден әлемдік чемпионат  өтпейтін болды. Бұл туралы халықаралық Хоккей федерациясы індеттің таралуына байланысты наурыз айындағы халықаралық турнирдің өтпейтінін мәлімдеді.

Бокстан турнирге қатысатын Қазақстан құрамасының мүшелері:

52 келіде - Сәкен Бибосынов

57 келіде - Серік Теміржанов

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде - Закир Сафиуллин

69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде - Абылайхан Жүсіпов

75 келіге дейінгі салмақта - Әбілхан Аманқұл

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде -Бекзат Нұрдәулетов

91 келіге дейінгі салмақта - Василий Левит

91 келіден астам аса ауыр салмақта - Қамшыбек Қоңқабаев

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир