WBC Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін жер мен уақытын жариялады
GGG 8 маусым күні Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында жекпе-жек өткізеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Орта салмақта бірқатар ұйымның тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин маусым айында келесі кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, GGG 8 маусым күні Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында жекпе-жек өткізеді.
Ал қарсыласының есімі кейінірек белгілі болады. Шетелдік БАҚ деректеріне қарағанда, Головкин не француз боксшысы Хассан Ндам Нжикаммен, не болмаса канадалық Стив Роллспен айқасады.
Кеше ESPN журналисі Дэн Рафаэль Головкин алдағы жекпе-жегін 164 фунт салмақ санатында титулсыз өткізуі мүмкін екендігін жазған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10