Australian Open-2021: Александр Бублик екінші ойынында жеңіліп қалды

Vesti.kz
Vesti.kz
А.Бублик екінші кездесуін әлемнің 27-ракеткасы, сербиялық Душан Лайовичпен өткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

А.Бублик екінші кездесуін әлемнің 27-ракеткасы, сербиялық Душан Лайовичпен өткізді. 

Бірінші сетте сербиялық спортшы 6:4 есебімен басым түсті. 

Екінші партияда есеп 3:3 болғаннан кейін А.Бублик брейкпен алға кетті. Тіпті 5:3-ке жеткізіп, сетке доп берді. 

Одан кейін де сетболдарын пайдалана алмады. Ақыры тай- брейкте Д.Лайович сәтті ойнай білді – 7:6 (7:4). 

Үшінші сетте есеп 4:4 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасап, сосын өз геймін де алды – 6:4. 

Төртінші партияда есеп 4:3 болғанда, Д.Лайович брейк жасап кетті. Сосын матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:3. 

Тартысты бәсеке 3 сағат 3 минутқа созылды. Д.Лайович үшінші айналымда әлемнің 87-ракеткасы, испаниялық Педро Мартинес - Портеромен шеберлік байқасады. 

Осылайша ерлер арасында жекелей сында Қазақстаннан ешкім қалмады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың үшінші айналымға шыққанын, Дмитрий Попко Италиядағы турнирді сәтті бастағанын жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Михаил Кукушкин жұптық сында Аустралия біріншілігінің екінші айналымына шықты.

Новости партнеров