|
19.11.2022 | 15:13
13715

15 жасар Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан 6 дүркін әлем чемпионы атанды

Чемпионатта С.Нұрмағамбетов атындағы клубтың басқа спортшылары да өнер көрсетіп, 25 алтын, 15 күміс және 5 қола медаль жеңіп алған

15 жасар Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан 6 дүркін әлем чемпионы атанды inform.kz

Әбу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында 15 жастағы қазақстандық Жібек Құлымбетова тағы бір «алтын» жеңіп алып, джиу-джитсудан алты дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қызылкүрең белбеу иегері 48 келіге дейінгі салмақта белдесті. Ол 16-17 жас аралығындағы спортшылармен сынға түсті. Abu Dhabi World Jiu-Jitsu Championship деп аталатын чемпионат белбеу жүйесі бойынша өтті. Финалда Жібек БАӘ-нің жергілікті спортшысымен күш сынасып, ұпай санымен жеңіске жетті.

Чемпионның айтуынша, ол араб қаласында 20 күн болған. Осы уақытта дейін жергілікті клубтардың бірінде жаттыққан Жібек осы команданың спортшыларына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ол жаттықтырушы Нұрсұлтан Орынбасаровтың ерекше еңбегін атап өтті.

«Нұрсұлтан аға мені джиу-джитсуға ғашық етіп, әлем чемпионы етті. Оған өте ризамын. Сондай-ақ мені қолдаған барша жұртқа алғыс айтамын», - деді чемпион қыз.

Бірер күн бұрын Әбу-Дабиде Ju-Jitsu World Championship Abu Dhabi 2022 чемпионаты өтіп, онда Жібек Құлымбетова бес дүркін әлем чемпионы атанды. Жарыс «не-ваза» тәртібі бойынша өтті.

Жібек Құлымбетова – Алматы облысынан Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Сағадат батыр – QTT» спорт клубының тәрбиеленушісі. Сондай-ақ грэпплингтен әлем чемпионы, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, көптеген халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы, жүлдегері. Қазан айының басында ол Әбу-Дабиде өткен ең ірі AJP Tour Asia Continental PRO - GI турнирінде жеңіске жетті.

Чемпионатта С.Нұрмағамбетов атындағы клубтың басқа спортшылары да өнер көрсетіп, 25 алтын, 15 күміс және 5 қола медаль жеңіп алған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир