|
08.12.2020 | 19:17
6752

Алматылық Александр бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты

КИНЭС кітабына Александрдың есімі де жазылады

Алматылық Александр бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты Almaty.tv

Алматылық Александр есімді азамат рекорд орнатты. Ол тісімен 15 секунд бойы арнайы құрылғыда тартылып тұрды. Салмағы 92 келі болатын 32 жастағы спортшы үшін бұл ең жоғарғы көрсеткіш емес. Үй жағдайында бұдан да ұзақ уақытқа шыдап жүр екен. Нәтижесін есепке алған комитет өкілі КИНЭС кітабына Александрдың есімі жазылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мақсатыма жету үшін ұзақ уақыт дайындалдым. Және арнайы жаттығулар мен дұрыс тамақтануды қолға алдым. Алдағы уақытта тағы да рекорд жасауды ойластырып жүрмін. Биыл немесе келесі жылы 1 адам немесе 2 адам болып тісімізбен вагон тартқымыз келеді», – деді рекордшы Александр Данчев.

«Мұндай рекорд Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. Сондықтан бұл рекорд біздің Қазақстан рекордтар кітабының келесі шығарылымына енеді. Мына 2018 жылы шыққан кітапта 5 мың рекорд бар», – деді Қазақстан рекордтар кітабына рекордтарды тіркеу департаментінің директоры Бақытжан Тастүлеков.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир