Алматылық Қайрат Конференция лигасында Омониямен тең ойнады. Орталық стадионда өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталып, футболшыларымыз алғашқы ұпайына қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv
Құрбан Бердыевтің командасы қонақтар қақпасына барлығы 14 соққы жасап, соның 3 дәл бағытталды. Алайда, 2 клубтың спортшылары қақпа саңылауын таба алмады.
«Ойын туралы айтар болсам, қос команданың деңгейі бірдей болды. Бірінші таймда біздің қателіктің арқасында қарсыластарымыздың гол соғатын мүмкіндіктері болған еді. Бастысы алғашқы ойындағы 1 ұпай біз үшін прогресс болып саналады», – деді «Қайрат» ФК бас бапкері Құрбан Бердыев.
Айта кетейік, матчты тамашалау үшін вакцина алған көрермендердің 30 пайызы ғана қатысты.
«Алаң ортасындағы белсенділігіміз біздің тактикамызға байланысты болды. Есесіне қарсыластарымызға үлкен қысым жасай білдік. Алайда ойынның тең аяқталуы біз күткен нәтиже емес еді», – деді «Қайрат» ФК қорғаушысы Камо Оганесян.