Нұрбек Оралбай бокстан Париж Олимпиадасының алтын медаліне таласады
elements.envato.com
Қазақстандық боксшы 3:2 есебімен ақтық сынға өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі sports.kz-ке сілтеме жасап.
80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек жартылай финалда доминикандық Кристиан Пиналесті жеңді.
Жартылай финалдық жекпе-жек өте тартысты өтіп, қазақстандық боксшы 3:2 есебімен ақтық сынға өтті.
Нұрбек Оралбай өзінің тұңғыш Олимпиадасында алтын медальға таласады. Ол 2023 жылғы әлем біріншілігінде де топ жарған болатын.
Оқи отырыңыз:Олимпиада-2024: Қазақстандық спортшылардың 4 тамызға арналған жарыс кестесі
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Алматыда коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығы талқыланды
06.10.2026 11:20