Головкин-Мурата жекпе-жегі жылдың ең үздік жекпе-жектерінің қатарына кірді
TORU HANAI/GETTY IMAGES
Аталған жекпе-жекте Головкин тоғызыншы раундта нокаутпен жеңіске жеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
DAZN стриминг-платформасы 2022 жылы эфирге шыққан бес үздік жекпе-жекті атады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Тізімде 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өткен Геннадий Головкин — Риота Мурата кездесуі де бар. Аталған жекпе-жекте Головкин тоғызыншы раундта нокаутпен жеңіске жеткен.
Одан бөлек үздіктер қатарында Ли Вуд — Майкл Конлан, Кэти Тейлор — Аманда Серрано, Сауль «Канело» Альварес — Дмитрий Бивол және Хуан Франсиско Эстрада — Роман Гонсалес жекпе-жегі бар.
Айта кетейік, 2022 жылы Геннадий Головкин екі жекпе-жек өткізді. Муратамен кездесудейін кейін, қыркүйекте «Канеломен» үшінші рет жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33