Президент шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қабылдады
akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшыға жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Президент Варшавада өткен әлем чемпионатында шахматтың «блиц» түрінен алтын және «рапид» бойынша күміс медаль иеленген жас шахматшыны жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бибісара Асаубаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, спорттағы мансабына қатысты алдағы жоспарымен бөлісті», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваның әлемдік шахмат аренасында Қазақстанның намысын келешекте де лайықты қорғай беретініне сенімді екенін атап өтіп, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.09.2026 20:15
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40